Қазақстандықтарға қайтадан вакцина салдыруы мүмкін: Дәрігер айтып берді

Қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы ревакцинация қажет болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Қазақстандықтарға қайтадан вакцина салдыруы мүмкін: Дәрігер айтып берді

Вакцинаны қайтадан салу, салмау мәселесін анықтау үшін адамның бойында антиденелер қанша уақыт сақталатыны зерттелуі керек. 

“Бұл спайс-ақуызға байланысты. Антидененің көрсеткіші нөлге тең болған жағдайда адамдар қайтадан вакцина салғызуы керек болуы мүмкін. Ревакцинация мәселесі әлі талқылануда. Ақпан-наурызда халықтың көп бөлігі, негізінен медициналық қызметкерлер вакцинацияланғанын ескере отырып, күзге қарай, қазан-қараша айларында олардың кейбіреулеріне қайта вакцинация қажет болуы ықтимал”, –дейді жоғары санатты инфекционист-дәрігер Сәуле Атығаева.

Источник stan.kz

Бүгінгі жаңалықтар