«Тоннасы 15 мың теңге»: Қарағандыда күн суымай жатып көмірдің бағасы қымбаттап кеткен

tonnasy 15 myң teңge Қaraғandyda kүn suymaj zhatyp kөmirdiң baғasy қymbattap ketken 02fd56e

Қарағандыда жылыту маусымы басталмай жатып көмірдің бағасы қымбаттады. Өңірде әр көмір түрінің тоннасы шамамен 500 теңгеден көтерілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

"Тоннасы 15 мың теңге": Қарағандыда күн суымай жатып көмірдің бағасы қымбаттап кеткен

Сатушылар бағаның өсуін – жанар-жағармай құнының көтерілуімен байланыстырады. Сондықтан олар көмір бағасы күзге қарай тағы қымбаттауы мүмкін деп отыр. Көмір сататын жерлерде әзірге "сатып алам" деп жүрген ел қарасы байқалмайды.

Бірақ жылыту маусымына бірер ай қалғандықтан көмір тасымалдаушылар дайындықты пысықтап, қатты отынды жеткізу жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Қарағандыда әзірге Шұбаркөл мен Кузнецк көмірі тұрақты жеткізіліп жатыр. Олардың құны биыл бес жүз теңгеге қымбаттаған.

“Әзірге біз тұрақты түрде көмірдің екі түрін әкеліп жатырмыз. Шұбаркөлдің бағасы тоннасына 11 500 теңге, ал Кузнецк көмірі 8500 теңгеден”, – дейді көмір тасымалдаушы Дмитрий. 

Бір Қарағанды облысының өзінде оннан астам көмір түрі бар. Олардың ең қымбаты – тас көмір Рапид. Тоннасы 15 мың теңге . Ал ең арзаны – Дубовский және Сары адыр. Құны 7500 теңге көлемінде. Бұлардың барлығына қазірдің өзінде 500 теңгеден қосылған.

Айта кетсек, көмірді сатып алу орындарына бармай-ақ, үйде онлайн сайттар арқылы тапсырыс беріп сатып алуға болады. Бұнда қажетіңізге қарай қатты отынның түр-түрін таңдай аласыз. Сондай-ақ ағаш та қап-қап болып сатылады. Бірақ бұндағы баға, оффлайн сатып алудан сәл қымбаттырақ.

Егер қала ішінде тапсырыс жасаймын десеңіздер, көмірді жеткізіп беру бағасы 5 мыңнан 15 мыңға дейін. Ал қала сыртындағы ауыл-аймақтарға жеткізу, жолдың ұзақтығына қарай 100 мың теңгегеден асып жығылады. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: