«Ішінде құрт жүреді»: Суды сүзіп ішуге мәжбүр болған шымкенттіктер шу көтерді

ishinde құrt zhүredi sudy sүzip ishuge mәzhbүr bolғan shymkenttikter shu kөterdi 65450e6

Шымкенттің Қарабастау шағынауданындағы халық аптап ыстықта ауыз судың азабынан әбден шаршадық деп шу көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

"Ішінде құрт жүреді": Суды сүзіп ішуге мәжбүр болған шымкенттіктер шу көтерді

Мұнда қоныстанғанымызға 11 жыл болды деген тұрғындар, өзіміз қазған құдықтан су ішуге мәжбүрміз деп отыр. Бірақ ол санитарлық талапқа сай емес. Біріншіден – ащы, екіншіден – ішінде құрт та жүреді екен.

Қалада тұрсақ-та жағдайымыз оңалмады деген шымкенттік тұрғындар, "бізге қарағанда ауылдағылардың халі дұрыс" дегенді ызамен айтады. Айтуларынша, бір жұтым су іздеп алысқа барады немесе сатып ішуге мәжбүр. Лайланған тіршілік нәрін он жылдай тұндырып ішіп келеміз дегендер, оны тасудан қажыдық дейді. Енді кейбірінің құдығынан құрт та шыққан.

Құрттаған су ішкен тұрғындардың алды ауырып үлгерген. Үлкендердің асқазанына шағымы жиілесе, балалардың іші ауырады екен. Мәселені сан мәрте көтерсек те, жауаптылардан жылда "қаржы қаралуда, келесі жылы су беріледі" деген бір жауапты естиміз дейді жиналғандар.

“Өз күшімізбен құдықты қаздық, су шығардық. Ол су өте ащы. Адамға зиян. Водовоз келгенге дейін құдықтан жаңа көрдіңіздер ғой, шелекпен су алдық, сөйтіп тұндырамыз, оны сүзгіге сүземіз”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Алтынай Айтуғанова. 

“Ауылда да бірталай жан бар, адам бар, мал бар дегендей. Балалар бар кішкентай. Балалардың несінен, мынадай заманда бізге су керек, таза ауыз су керек. Ал талай жылдан бері ауыз судан тарыққандардың мәселесінен хабардар болса да, билік жұмысты енді бастаған сыңайлы. Қаржы бөлінсе, тұрғындар келер жылы таза сумен қамтамасыз етілмек”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Дүйсенкүл Әжібекова. 

“Жобалау жұмыстарын әзірлеу үшін толық қаржысы қаралды. Биылғы ағымдағы жылдың соңына дейін жобалауды толық аяқтап, екі мың жиырма екінші жылға құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылатын болады”, – дейді Шымкент қалалық энергетика басқармасының бөлім басшысы Дәурен Ертай. 

Дегенмен, құрғақ уәдеге тойып біттік деген тұрғындардың бұған сенгісі жоқ. Олар басталған іс орта жолда аяқсыз қалып, ауыз судың азабын әлі де тартамыз ба деп күдіктеніп отыр.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: