Нұр-Сұлтанда құдыққа түсіп мерт болған баланың ісі бойынша сот үкімі шықты

nұr sұltanda құdyққa tүsip mert bolғan balanyң isi bojynsha sot үkimi shyқty 32690c6

Нұр-Сұлтанда құдыққа құлап, мерт болған 13 жасар баланың өліміне қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтанда құдыққа түсіп мерт болған баланың ісі бойынша сот үкімі шықты

"Астана Су Арнасы" кәріз қызметінің басшысы абайсызда кісі өліміне себеп болғаны үшін кінәлі деп табылды. 

“Сот Владимир Власенконы қылмыстық кодекстің 104-бабының бірінші бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ал ҚР ҚК-нің 71-бабы 2-бөлімі негізінде оған тағылған айып қылмыс мерзімінің ескіруіне байланысты негізсіз деп табылды”, – деді Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының судьясы Убайдулла Қошанов.

Сот айыпталушыны жәбірленуші тарапқа 4 миллион теңге өтемақы төлеуді бұйырды. Бұған қоса, "Астана Су Арнасы" ұйымы көз жұмған баланың анасы Перизат Чиникбаеваға тағы 6 миллион теңге төлейді. 

Сот мәліметінше, бұған дейін ұйым баланың өліміне байланысты отбасыға өз еріктерімен 2 300 000 теңге берген. 

"Құдықтың қабырғасынан ұлымның қолының ізін көрдім": Құдықтан өлі табылған баланың анасы алғаш рет сұхбат берді

Сот барысында ұйым әйелді жұмыспен және баспанамен қамту туралы ұсыныс білдірді. Алайда марқұмның анасы бұл ұсыныстан бас тартты. 

Елордалық әйел соттың бұл шешімімен келіспейтінін айтып, апелляцияға шағымданатынын жеткізді. Өйткені ол жеткіншектің өліміне себепші болғандар түрмеге жабылуын және моральдық өтемақы ретінде 50 миллион теңге талап еткен. 

Еске салсақ, 2019 жылы ақпанда 13 жастағы бала кәріз құдығына түсіп кеткен болатын. Оның денесі тек бірнеше күннен кейін табылған. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: