Қазақстандық ғалым: Вакцинаның бала сүюге теріс әсері жоқ

azaқstandyқ ғalym vakcinanyң bala sүjuge teris әseri zhoқ 09bc450

Вакцинаның бала сүюге теріс әсері жоқ. Америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман осылай дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеп хабарлайды. 

Қазақстандық ғалым: Вакцинаның бала сүюге теріс әсері жоқ

“Бүгінгі таңда әлемде 4 млрд түрлі доза вакцина салынған. Вакцинаның құр өзі СOVID-19-ды тудырмайтыны анық. Вакцина репродуктивті жүйенің қызметін бұзбайды. Сондай-ақ жаңа туған сәбиде түрлі ауру тудырмайды”, – дейді америакалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман.

Мамандар вакцина індеттен 100% қорғамаса да, ауру ағымының ауыр болуынан сақтайды дейді.  Дәрігерлердің айтуынша, қауіпті дерттің құрығына ілінгендер- екпе алмағандар.

“Бүгінгі статистиканы қарасаңыз, Қазақстанда коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония мен коронавирустан 149 адам қайтыс болды. Барлық науқас вакцина алмаған. Бұл дегеніміз 5-қабатты үйдің тұрғындары деген сөз. Егер күнде қайтыс болғандар саны осылай болса, бір күнде бір ауылды, ауданды жоғалтамыз. Ол біреудің ата-анасы, біреудің баласы”, – дейді инфекционист дәрігер Сәуле Атығаева.

Сондықтан мамандар халықтың 80 пайызы вакциналанбайынша карантинді жеңілдетпеу керек деп санайды. Ұжымдық иммунитет қалыптаспаса, үнемі жаңа толқындармен, жаңа індеттермен күресуге тура келетінін айтады.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: