Қазақстан Токио Олимпиадасының трансляциясын 6,25 миллион долларға сатып алған

azaқstan tokio olimpiadasynyң transljacijasyn 625 million dollarғa satyp alғan 7665c2f

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Токио Олимпиадасының трансляциясын ұйымдастыруға қанша қаражат жұмсалғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Токио Олимпиадасының трансляциясын 6,25 миллион долларға сатып алған

"2021 жылдың 23 шілдесінде Токиодағы (Жапония) XXXII жазғы Олимпиада ойындары трансляциясының лицензиялық құқығын 6 250 000 АҚШ долларына сатып алу бойынша келісімге келді", — деді министрлік өкілдері. 

Олимпиаданың транляциясы бойынша келіссөздер 24 шілдеге дейін жалғасқан. ⠀

  • Токио Олимпиадасы қазақстандық телеарналардың тікелей эфирінде көрсетілетін болды
  • "Артық төлегіміз келмейді": Серік Сәпиев Олимпиада трансляциясы туралы түсініктеме берді

Министрліктің хабарлауынша, жапониялық компания көрсетілімге мүмкіндікті 15 миллион долларга сатып алуды ұсынған. Алайда 2016-2018 жылдары Қазақстан дәл осы көрсетілімді 5,1 миллион долларға сатып алған болғандықтан бас тартқан. ⠀

Ақпан айында қазақстандық тарап бағаның төмендетуін сұрап хат жазған. Дегенмен, өтініш жауапсыз қалған. Нәтижесінде Олимпиада басталуға бір күн қалғанда ортақ келісімге қол жеткізген.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: