Дабылды ескерту жарияланды: Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Аяздың орнын боран басады. Синоптиктер Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райы күрт бұзылатынын хабарлады

Қазгидромет синоптиктері жел күшейіп, боран көтерілетін айтты.

«Елдің басым бөлігінде атмосфералық фронттар өтеді. Ауа райы құбылмалы болады, қар жауады. Тек батыста ғана жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел, боран, тұман және көктайғақ болады «, – деп жазылған синоптиктердің 25 қарашаға арналған болжамында.

Дабылды ескерту

25 қараша күні Ақмола облысында боран болады. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жел соғады. Жылдамдығы секундына 15-20 метр. Солтүстік Қазақстанда да – боран. Бұрқасын, тұман және көктайғақ болады.

Сондай-ақ, Түркістан облысында да дабылды ескерту жарияланды. 25 қараша күні өңірде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.

Өңірлердегі ауа райы

Алматы, Жамбыл облыстарында тұман, көктайғақ болады. Түнде Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Түркістан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы -15-20 м/с. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан өңірлерінде – боран, тұман, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облысында – көктайғақ. Атырау және Ақтөбе өңірінде тұман болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

25 қараша күні астанада қар жаууы мүмкін. Ауа температурасы 6-8 градус нөлден төмен.

Алматыда да қар жауады. Күндіз ауа температурасы 0 шамасында.

Синоптиктер Шымкентте күндіз плюс 1 градус болады деп отыр.