Вакцина алған атыраулықтар 3 миллион теңгеден ұтып алды

vakcina alғan atyraulyқtar 3 million teңgeden ұtyp aldy 2e91d10

Атырау облысында "Вакциналауға қатысып, ақшалай сыйлық ұтып ал!" акциясының кезекті ұтысы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Вакцина алған атыраулықтар 3 миллион теңгеден ұтып алды

3 миллион теңгенің алғашқы сертификаты Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Айман Жармұхамбетоваға табысталды.

"Айман Жармұхамбетова 30 шілде күні емханада "Спутник-V" вакцинасының бірінші компонентін салдырған. Тура үш күннен кейін оған қуанышты хабар келді. Ол акция аясында жеңімпаз атанды", – дейді ұйымдастырушылар.

Ал екінші ақшалай сертификатты Ақкөл ауылының тұрғыны Насипулла Гарифов ұтып алды. Ол дәрігерлік емханада көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Ол да "Спутник-V" вакцинасын салдырған. Бірінші дозасын 11 шілде күні алса, екіншісін 29 шілдеде салдырды.

Айта кетері, "Вакциналауға қатысып, ақшалай сыйлық ұтып ал!" акциясы Азаматтық альянстың бастамасымен қолға алынды. Ұтыс тікелей эфир арқылы "Саѕріап News" арнасында көрсетіліп тұрады.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: