Шымкентте он жылдан бері бала көтере алмаған әйел бірден үшем босанды

shymkentte on zhyldan beri bala kөtere almaғan әjel birden үshem bosandy a2eba43

Шымкентте он жыл бойы бала сүйе алмаған жанұяда үшемдер дүниеге келді. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шымкентте он жылдан бері бала көтере алмаған әйел бірден үшем босанды

Шымкент тұрғыны Жанна Мелдешова жүктіліктің 37-аптасында екі қыз, бір ұлды дүниеге әкелді. Он жылдан бері бала сүйе алмай жүрген шымкенттік келіншек қалалық пераниталдық орталықта босанды.

Жарық дүние есігін ашқан екі қыз бен бір ұлға Айым, Рахат, Аяла есімдері берілген. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, келіншек тұңғышын 2010 жылы туған екен.

"Сол уақыттан бері денсаулығы сыр беріп, жүкті болуды ұзақ жылдар бойы жоспарлап жүріпті. Осылайша ерлі-зайыптылардың он жылдан бері бала сүйгісі келген армандары орындалып, бірден үш перзентті дүниеге әкелді.

Мерзімінен бұрын толғағы басталған жүкті келіншек пен үш шақалақтың өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер кесарь тілігін жасап, операция арқылы сәтті босандырып алды. Дүниеге екі қыз, бір ұл бала келді. Барлығының да салмағы екі келіден асады", – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан бері 19 797 сәби дүние есігін ашқан. Олардың 135-і егіз болса, төртеуі үшем. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: