Визажист беті күйіп қалған Әселге әдемі макияж жасап берді

vizazhist beti kүjip қalғan Әselge әdemi makijazh zhasap berdi 4b033cc

Визажист жарты беті күйіп қалған Әсел Сүлейменоваға әдемі макияж жасап берді. Әселдің өзі де алдағы уақытта визажист болуды жоспарлап отыр. 

Визажист беті күйіп қалған Әселге әдемі макияж жасап берді

7 айлығында пешке бетін күйдіріп алған қыз Әсел Сүлейменова бүгінде 13 жаста. Анасы қызының бетіне ота жасату үшін көпшіліктен көмек сұраған еді. Ал Әсел бой жеткен сайын көшеге еркін шығуға қысылатынын айтты. 

Дана есімді визажист Әселге макияж жасап, көңілін көтергенін айтты.

“Әселмен танысқаннан кейін оның өмірі күрт өзгерді. Ол өзіне сенімді бола бастады. Бояна бастады.  Алматыға көшіп келгісі келеді. Алдағы уақытта визажист болып жұмыс істей бастайды. Мен оған сенемін. Ол өте батыл қыз. Мақсатына берік, талантты қыз. Мақтау мен қолдауға лайық”, – деп жазды визажист парақшасында.

Желі қолданушылары қолдау білдіріп, мақтауын асырды. 

“Өте әдемі, қолыңызға күш-қуат берсін”, “Күйгені білінбей қалыпты”, “Өзі де визажист болса, өзіне осылай макияж жасап ала еді”, “Шын қуанып отырмын, жақсы болған екен”, “Қыз балаға ауыр ғой, бәріміз қолдайықшы”,  дпеп жазды желідегілер. 

"Жыласа, көзінен қан ағады": Алып қашудың құрбаны болған әйел қызының дертіне көмек сұрайды

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: