WhatsApp-та көптен күткен функция іске қосылды

WhatsApp мессенджерінде өздігінен жойылатын фото және видео жіберу функциясы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

WhatsApp-та көптен күткен функция іске қосылды

Ол үшін суреттер мен видеоны «Бір рет көру» опциясының көмегімен жіберу керек. Қолданушы өзіне келген хабарламаны тек бір-ақ рет көре алады, осыдан кейін ол автоматты түрде өшіріледі, деп хабарлайды компания өкілдері.

Осыған ұқсас функция Instagram желісінде де бар: қолданушы өзіне жолданған суретті немесе видеоны қарау үшін батырманы басуы қажет. Көріп болғаннан кейін ол ашылмайды.

Десе де, компания қолданушылар өздігінен жойылатын фото-видеоны скринрекордердің көмегімен жазып алуы мүмкін екенін ескертті.

«Бір рет көру» опциясы жақын арада жаңаратын мессенджерде қолжетімді болады.

Источник stan.kz