Найзағай мен жаңбыр: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Еліміз бойынша 5-7 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Найзағай мен жаңбыр: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер, алдағы күндері найзағай жарқырап, жаңбыр жауатынын болжайды. 

“Жаңа жер аудандарындағы циклон және оның атмосфералық фронттары, республиканың солтүстік жартысына найзағай, бұршақ, қатты жел мен жылудың әлсіреуімен жаңбыр тудырады. Термометр бағандары түнгі уақытта еліміздің батысында 15-25 жылылықты, солтүстігінде 10-20 жылылықты көрсетеді. Күндізгі уақытта ауа температурасы батыста 27-35 жылыға дейін, солтүстікте 23-30 жылыға дейін төмендейді. Шығыста және орталықта ауа температурасы: түнде 10-20 градус, күндіз 25-35 градус жылы болады”, – делінген ауа райы болжамында.

Десек те республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік шығысында ауа райы өзгермейді. 

“Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында ыстық, құрғақ ауа райы сақталады, кей жерлерде шаңды дауылмен жел күшейеді. Алдағы күндері ауа температурасы: түнде 20-28 градус жылы, күндіз 32-42 градус жылы болады”, – деп қосты синоптиктер.

Источник stan.kz