«Қытай елшісі Қазақстан ҚХР-ға қосылған жағдайда қарызы кешірілетінін мәлімдеді»: Желідегі жазба қазақстандықтарды састырды

ytaj elshisi Қazaқstan Қhr ғa қosylғan zhaғdajda қaryzy keshiriletinin mәlimdedi zhelidegi zhazba қazaқstandyқtardy sastyrdy 5e1a89a

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяоның еліміз ҚХР құрамына кірген жағдайда, оның сыртқы қарызының басым бөлігін жабуға дайын екендіктері жайлы мәлімдегені туралы хабарлама таралуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz порталына сілтеме жасап. 

"Қытай елшісі Қазақстан ҚХР-ға қосылған жағдайда қарызы кешірілетінін мәлімдеді": Желідегі жазба қазақстандықтарды састырды

Осындай тақырыптағы посттың дереккөзі – qazinform24 Instagram-аккаунты. Бұл шынайы жаңалықтар жарияламайтын сатиралық парақша. Оның профилінде аккаунт сатиралық контент пен фейк жаңалықтар жариялайды деп жазылған. 

Қазақстандағы ҚХР елшілігінің ресми сайтында мұндай жаңалықтар жоқ. Төтенше және өкілетті елші Чжан Сяо мұндай мәлімдемелер жасамаған.

Демек, ҚХР құрамына кірсе, Қазақстанның сыртқы қарызы жабылатыны туралы хабарламалар фейк болып табылады, оны кейбір пайдаланушылар сатиралық парақшаны дереккөз ретінде көрсетпей таратады.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: