Лидо: Әдімі киінгім де, боянғым да келмей күйзеліске түстім

lido Әdimi kiingim de bojanғym da kelmej kүjzeliske tүstim a289b9c

Жақында ғана Америкадан Қазақстанға қайта оралған әнші Лидо күйзеліске түскен кезін айтты. Әнші шетелде жүргенде көзқарасының бірден өзгеріп, көңіл-күйге ерік бергенін мойындады. 

Лидо: Әдімі киінгім де, боянғым да келмей күйзеліске түстім

Бұл туралы Лидо Тимур Балымбетовпен болған сұхбатында айтты. 

Лидо үш жыл уақыт Америкада отбасыме бірге тұрды. Қазір Қазақстанға түбегейлі көшіп келмессе де, еліне қайтуға құлықты. Себебі, әнші өз туған жерінен жыраққа үйренісе алмаған. 

“Мен алғаш Америкаға барған уақытта күйзеліске түстім. Ешқашан мұндай басымнан өтпеген еді. Мен бала күнімнен әдемі киінгенді, боянғанды, әдемі жүргенді ұнататынмын. Ал Америкада олай жүру мүмкін емес. Бәрі саған қарап қалады. Сен өзіңе назар аударғандай боласың. Ол жақта адамдар өзіне ыңғайлы киімді киеді. Көшеде боянып, әдемі киініп жүрсең, ерекшеленіп тұрғандай боласың. Сол әсер етті ме, білмеймін, әйтеуір әдемі киінгім келмей қалды. Мен ешқашан киіміме салғырт қарамайтынмын. Бала күнімде әдемі туфли алу үшін киім тігіп ақша табатынмын. Ал Америкада бәрі басқаша болды. Ыңғайлы аяқ киім кие беретінмін. Бояусыз жүретінмін. Киіміме мән бермей кеттім. Бұл ішкі күйзелістен туған шығар”, – деді Лидо. 

Лидо: Күйеуімнің немен айналысатынын білмеймін

Лидо 4 баласын көлігімен алып жүріп, фото түсірілімдер жасап, желіге қайта шыға бастағанын айтты. 

“Менің Америкада шағын көлігім болды. Отбасылық көлік еді. 4 баламды алып жүремін. Үлкеніне кішісін қаратамын. Қызым мені суретке түсіреді. Солай бала-шағаммен бірге жүріп, жұмыс істедім. Қазір адамдарды тарту қиын. Оқырман оқу үшін жазбаң ерекше болу керек. Сондықтан оның бәрі жұмыс”, –дейді ол. 

Әншінің айтуынша, сырт елде шығармашылығы да тоқтап қалған. Сондықтан Қазақстанға қайтуды ойлай бастапты. 

“Күйеуіме айта бастадым. Қазақстанға қайтқым келеді дей бастадым. Толық көшіп келген жоқпын. Мен әлі де екі жақта жүремін. Солай істеуге тура келіп тұр. Бірақ Қазақстанда жұмыс істегім келеді. Әріптестікке қарсы емеспін. Менің шығармашылығымды қайта бастауыма әлеуметтік желі де көп көмегін тигізе бастады. Той бизнесті де көрдім. Бірақ ол менің табиғатыма жақын болмағандықтан, мен модельдікке көп мән беріп кеттім. Ақша да түсе бастады. Қазақстандағы әнші құрбыларым менің қайта ән жазып, ән айтуымды қалады. Тіпті мені сүйреп жүріп ән жазғызды. Солайша өнерге қайта келгендей болдым”, – дейді әнші. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: