«Науқастар бір препаратты 150 мыңға алуға мәжбүр»: Депутаттар коронавирусқа қарсы дәрі тапшылығына наразылық білдірдіы

nauқastar bir preparatty 150 myңғa aluғa mәzhbүr deputattar koronavirusқa қarsy dәri tapshylyғyna narazylyқ bildirdiy 3024687

“Ақ жол” партиясының депутаттары емханаларда “Ремдесивир”, “Тоцилизумаб” сынды коронавирусты емдейтін препараттар болмағандықтан, науқастың туыстары қымбаттық дәрілерді өздері алуға мәжбүр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Науқастар бір препаратты 150 мыңға алуға мәжбүр": Депутаттар коронавирусқа қарсы дәрі тапшылығына наразылық білдірдіы

“Коронавирустың үшінші толқыны басталған кезде емханалар мен дәріханаларда арнайы препараттардың тапшылығы байқалып отыр. Инфекциялық стационарларда коронавирустың аса ауыр түрімен ауыратын науқастарға арналған “Ремдесивир”, “Тоцилизумаб” сынды препараттардң тапшылығы байқалуда. Нәтижесінде олар науқастардың туыстарынан бұл препараттарды сатып алуды сұраған. Алайда “Ремдесивир” препаратының бір флаконы 30-40 (7-10 флакон қажет) мың теңге болса, “Тоцилизумаб” прпаратының бір флаконының құны 150(5-6 флакон қажет) мың шамасында. Барлық отбасының мұндай бағадағы препаратты алуға жағдайы жете бермейді. Оған қоса, бұл тіпті үлкен қалалардағы дәріханаларда өте тапшы препарат”, – дейді партия өкілдері. 

Олар министрліктен ақпаратқа қатысты түсінік беруді сұрады. Егер ақпарат расталса, мемлекет басшысының тапсырмасын орындау қажеттігін алға тартты. 

“Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біріңғай дестрибьютер “СҚ Фармация” коронавирустан емдейтін дәрілердің екі айлық запасын дайындауы қажет еді. Емханадағылар препараттар жеткізілетінін алға тартты. Алайда денсаулық сақтау министрлігі тамыз айына арнайы болжам жасаған болатын. Алайда алдын ала дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылмаған. Сіздерден мәселені шешулеріңізді сұраймыз”, – деп жазды депутаттар. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: