«Алғашқы романтикалық кешкі ас»: Дана Есеева күйеуіне тосын-сый жасады (видео)

alғashқy romantikalyқ keshki as dana eseeva kүjeuine tosyn syj zhasady video 476fbff

Танымал вайнер Дана Есеева күйеуі Мейіржанға арнап романтикалық кешкі ас ұйымдастырды. 5 баланың ата-анасы мұндай шараны некелік ғұмырларында алғаш рет ұйымдастырып отыр, деп жазады Stan.kz.

"Алғашқы романтикалық кешкі ас": Дана Есеева күйеуіне тосын-сый жасады (видео)

"Біздің алғашқы романтикалық кешкі асымыз. Бір жолы Мейіржан романтикалық кешкі ас ұйымдастырмақ болған. Бірақ біз балалармен бардық. Қызық болды, бірақ атмосфера бәрібір мұндай емес. 

Жақында неліктен мұндай асты өзім ұйымдастырмаймын деп ойладым?! Ол маған себепсіз сыйлықтар жасайды ғой. 

Тосын-сый оған арналғанымен, мен де керемет эмоцияға бөлендім. 
Негізінде қарым-қатынас – екі адамның еңбегінің жемісі. Махаббат үш жыл өмір сүреді дейтін адамдар онымен жұмыс істемейтін шығар?! Жұбына ештеңе бермейтін, тек алуды білетін адам шығар..

"Баспана мен азық-түлік арзан": Танымал қазақ продюсері Түркияда тұрудың артықшылықтары жайлы

Сүйіктілеріңізді қуантыңыздар. Ешқандай кінәратсыз және бірінші сен істеуің керек деген талапсыз. 

Біз мәңгі емеспіз, біздің махаббатымыз балаларымызда жалғасын тапсын. Сені бар жан-тәніммен сүйемін, Мейіржан", – деп жазба қалдырды Дана Instagram-дағы парақшасында.

Дана күйеуіне арнап балауыз бен ерекше тағамдар қойылған дастархан жайған. Кешкі ас үшін де Әл-Фараби көшесінің жоғарғы жағында орналасқан, Алматының бейнесі көрінетін әсем мейрамханалардың бірін таңдаған. 

Желі қолданушылары танымал жұпқа қызыға қарап, жылы лебіздерін білдіруде. 

"Алла отбасыларыңызды қорғасын", "Блогерлер ішіндегі ең үлгілі, керемет жұп", "Супер, Дана, көздеріңіз махаббатқа толы, жанып тұр, бақытты болыңыздар", – деп жазды олар.

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Есеева Дана Сабировна (@dana_yesseyeva)

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: