«Бөтелкелердегі ауыз судың барлығы уланған»: Ақпарат қазақстандықтардың үрейін туғызды

bөtelkelerdegi auyz sudyң barlyғy ulanғan aқparat қazaқstandyқtardyң үrejin tuғyzdy ff13049

Қазнет қолданушылары елдегі ауыз судың, оның ішінде бөтелкедегі судың уланғаны туралы ақпарат таратуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап. 

"Бөтелкелердегі ауыз судың барлығы уланған": Ақпарат қазақстандықтардың үрейін туғызды

Дыбыстық хабарлама авторы судағы у туралы құпия ақпаратты таныс вирусологтан білгенін, сондай-ақ еліміздің ауруханаларында уланудан зардап шеккен балаларға қосымша орындар мен бокстар дайындалғанын айтады.

Бұл ақпаратты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

“Бұл фейк ақпарат. Халықты қауіпсіз ауыз сумен қамту мәселесі Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше бақылауында және ұдайы назарда”, – деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, ауыз судағы у туралы хабарлама Ресей мен Қазақстанның қалаларында кеңінен тарады. Осыған ұқсас фейкті біз ағымдағы жылдың сәуір айында жоққа шығарған болатынбыз.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: