“Басқа да себептер толып жатыр”: Альбина Шардарова ажырасу туралы пікір білдірді

albina shardarova instagram nyң kesirinen azhyrasқan zhastarғa kүjindi 441ad6c

Альбина Шардарова шынайы махаббат жайлы пікірімен бөлісті. Әнші соңғы уақытта жастар арасында ажырасудың көбейіп кеткеніне күйінді, деп жазады Stan.kz.

Альбина Шардарова Instagram-ның кесірінен ажырасқан жастарға күйінді

Альбинаның махаббат туралы сөз қозғауы бекер емес. Дәл бүгін Альбина мен актер Бауыржан Сатовтың отау құрғанына үш жыл толып отыр.

“Көзді ашып-жұмғанша. Бүгін отау құрғанымызға 3 жыл болыпты.
Шын махаббат үйленгеннен соң басталады дегенге қосыласыз ба?
Негізі, біз Ислам жолымен жүрсек ешқандай да қиыншылық жоқ!

Ері әйелін “Аманатым” деп, әйелі “Жәннатым” деп қараса болғаны.
Қазір көпшілігінің санасын улап, құртып жатқан – әлеуметтік желі деп ойлаймын.

Өйткені, қазір бәрі қолжетімді, бәрі әдемі (сырттан қарағанда). Сонымен жарын салыстырып жатады, араның суып кетуі басталады, ажырасуға дейін барып жатады (көп жағдайда).

Әрине, қателесуім де мүмкін (басқа да себептер толып жатыр)
Ал сіз бақыттысыз ба? Бәрімізге баянды, бақытты неке бұйыртсын!
Осы күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкір!” – деп бөлісті ол желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Альбина Шардарова мен Бауыржан Сатов 2018 жылы отбасын құрды. Жұлдызды жұптың Жасмин есімді қызы бар. Сондай-ақ, Альбина екінші рет ана атануға дайындалып жүр.

 

Источник stan.kz

Бүгінгі жаңалықтар