Қай жағалауды таңдаған дұрыс: сол жағалау ма немесе оң жағалау ма?

aj zhaғalaudy taңdaғan dұrys sol zhaғalau ma nemese oң zhaғalau ma 8bc78ae

Nova City компаниясы көңілге қонымды нұсқа ұсынып отыр.  

Қай жағалауды таңдаған дұрыс: сол жағалау ма немесе оң жағалау ма?

Өз ауданын жақсы көретін адамдардың қатары көп. Туып-өскен жерін кез келген адам қимайды. Отбасының саны кеңейсе немесе жастар ата-анасынан бөлек шыққысы келсе, басқа жерге көшуге тура келеді. Жаңа баспана алғылары келгенімен, оның барлығы дерлік сол жағалауда салынып жатыр. Оң жағалаудан көшуге көпшілігі дайын емес. Осы ретте Рысқұлбековтегі Nova City тұрғын үй кешенін  көпшіліктің күткен үйі десек, артық айтқандығымыз емес. Бұл үйдің орналасқан жері оның жалғыз ғана артықшылығын көрсетпейді. 

Кешен сол жағалаудың тұрғындарына таныс, бірақ қаланың ескі бөлігінде кеңінен таралмаған жаңа стандарттарды ұсынады. Автокөліктер мен бөтен адамдардан оқшауланған жабық ауласы бар. Зат тасымалдаушы көліктер мен жедел қызметтер қажет болған жағдайда ғана аулаға кіреді. Тұрғындардың автокөліктері үшін кіріктірілген, әсіресе, қыста өте ыңғайлы тұрақ қарастырылған. Тұрғындар үйден төмен түседі де, көлігін оталдыра сала жүріп кете береді. Түрлі-түсті және әртүрлі мөлшердегі ауа баптағыштар сәндік сылақтан жасалған үйдің әдемі сыртқы бетінің көрінісіне нұқсан келтірмейді. Салқындатқыш құрылғылар үшін себеттер қарастырылған. Тұрғындар қыста терезелерін сирек ашады. Бұл жақтаулардың суықтан қатып қалуына байланысты. Мәселені пәтерлердегі таза ауаның айналымын қамтамасыз ететін жеткізу клапандары шешеді. Төменгі қабаттар мен кіретін есіктерді безендіруде қолданылатын клинкер кірпіші әдемі ғана емес, сонымен қатар қолданыста тиімді.  

Аула тұрғындарының барлық санатына арналған. Кішкентай балалар үшін құмсалғыштар мен төбешіктер орнатылған. Футбол алаңы мен көше тренажерлері  спортпен белсенді айналысатындарға арналған. Жасы үлкен кісілерге арналған орындықтар да бар. Бұған клиенттеріміз дән риза. 

“Балалар өсіп, бөлек шығамыз деп шешті. Десе де, олар бізге жақын жерден пәтер іздеген болатын. Nova City компаниясы өзін нарықта жайлылық/сапа тұрғысынан  сенімді құрылыс компаниясы ретінде көрсете білді. Үйдің дәл қасында №64 мектеп, бірнеше балабақша, №7 емхана орналасқан”, – дейді елорда тұрғыны Талғат.

Күзде жоба командасы бұталар мен ағаштар отырғызатын болады. Мұнда қарағай, шаған, бөртегүл, сібір шыршасы, иістішөп, қараған ағаштары отырғызылады.  

Бірінші кезектегі пәтерлердің бәрі сатылып кеткен, бірақ олар биылғы қараша айында аяқталатын екінші кезекте болады. Сонымен қатар тапсырылған кезекте әзірге кеңселер мен көлік тұрағында орындар бар. Толығырақ біздің сату бөлімдерімізден немесе 340 нөмірі бойынша біле саласыздар. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: