Тоқаев түрмеде күзетші зорлаған сотталушыға рақымшылық жасады

Қарақшылық үшін сотталған Наталья Слекишина енді түрмеге оралмайды. Қасым-Жомарт Тоқаев түзеу мекемесінің күзетшілері зорлаған тұтқынға кешірім берді. Бұл ақпаратты адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев түрмеде күзетші зорлаған сотталушыға рақымшылық жасады

Бұған дейін Слекишинаға бала тууына байланысты өтеу мерзімін кейінге қалдыру берілген болатын. 

“Көптеген жағдайда кешірім жасау кездейсоқ қылмыс жасаған адамдарға қолданылады. Наталья Слекишина жағдайында кешірім жасау актісі құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан оған жасалған зорлық-зомбылық фактісін мемлекеттің мойындауымен де байланысты болып отыр. Әлемде де адамның тәуелді жағдайын қолдана отырып, оған зорлық-зомбылық жасау қатыгездіктің бір түрі болып есептеледі”,- дейді адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова. 

Айта кетейік, 2015 жылы мамырда Алматы соты Наталья Слекишинаны қарақшылық шабуыл жасағын үшін айыпты деп танып, сегіз жылға бас бостандығынан айырған. 2016 жылы жазда Слекишина түрме қызметкерлерін өз зорлағаны туралы шағым жасайды. Айыпталушылар өз кінәсін мойындамайды. Слекишина өз мерзімін өтеу кезінде қыз бала туады және сараптама нәтижесінде баланың әкесі түрме қызметкері Руслан Хакимов екені анықталады.  

Хакимов зорлық жасағаны үшін тоғыз жыл бас бостандығынан айырылды. Кейіннен Слекишина өз мерзімін өтеу уақытын баласы 14-жасқа толғанға дейін кейінге шегеру туралы өтініш жасап, сот оның өтінішін жартылай қанағаттандырып, мерзімін өтеу уақытын бес жылға шегерді.   

Ақпан айында Слекишина сот белгілеген бес жыл мерзімге бостандыққа шықты. 

 

Источник stan.kz