Тоқаевтың сынына ұшырап, министр лауазымынан айырылған Сапархан Омаров жаңа қызметке тағайындалды

toқaevtyң synyna ұshyrap ministr lauazymynan ajyrylғan saparhan omarov zhaңa қyzmetke taғajyndaldy 7238639

Ауыл шаруашылығы экс-министрі Сапархан Омаров "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаевтың сынына ұшырап, министр лауазымынан айырылған Сапархан Омаров жаңа қызметке тағайындалды

“Сапархан Омаровтың Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және астық саласын дамыту саласындағы көпжылдық нәтижелі қызметін, сондай-ақ астықты мемлекеттік сатып алу жүйесінде табысты тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. биылғы 28 шілдедегі №227 бұйрығымен ҚР Үкіметінің келісіміне сәйкес, Омаров Сапархан Кесікбайұлы "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы "Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына сайланды”, – делінген министрлік хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты сынға алған еді. Президент сынынан кейін ол министр лауазымынан айырылды. Оның орнына Ербол Қарашөкеев министр міндетін атқарушы болып тағайындалды. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: