Ит бір сағат бойы көлік айдап, аман қалды

Американың Флорида штатында рөлінде ит отырған көлік бір сағатқа жуық уақыт айналып жүрді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, мұндай жағдай көліктен жүргізуші шығып, есігі тарс жабылып қалғаннан кейін болған. Ішінде Макс атты лабрадор отырған.
Оқиға куәгері Анна Саболь итті бірден көрмегенін айтады.

«Бастапқыда жүргізуші көлікті артқа қарай айдап жатқан болар деп ойладым. Кейін дұрыс емес айдап жатқанын түсіндім. Іштей «Бұлары несі екен?» деп ойладым. Артынша көлік рөлінде отырған итті көрдім», – деп еске алды ол.

Оқиға болған жерге полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер келді. Итке ешқандай зиян тимеген.