Әскерилер тактикалық оқу-жаттығу барысында дағдыларын жетілдірді

whatsapp image 2021 08 03 at 11.57.39 4

Аягөз гарнизоны танк бригадасында шынайы ұрысқа барынша жақындатылған жағдайда бөлімшелердің далалық дағдысын және үйлесімділігін жетілдіру мақсатында роталардың арнайы тактикалық оқу-жаттығулары өтуде.

«Майлин» полигонында жеке құраммен өткен оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – роталардың жауынгерлік әзірлігін, олардың үйлесімділігін тексеру және әскери қызметшілердің өздерінің функционалдық міндеттерін іс жүзінде орындауларына баға беру мен практикалық машықты шыңдау болып табылады. Сонымен қатар, командирлердіӊ біліктілігімен мен тәжірибесін арттыру, дұрыс шешім қабылдауды және шебер басқаруды үйрету де маңызды.

whatsapp image 2021 08 03 at 11.57.39 3
Оқу-жаттығуда роталар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, тактикалық іс-қимылдар кезінде жеке қару мен әскери техникаларды шебер әрі тиімді пайдалануға айрықша назар аударды. Атап айтсақ, арнайы роталық тактикалық оқу-жаттығуы жеке құрамның     теориялық       білімдерінің    нығайуына, жаңа қосылған жауынгерлердің тәжірибе алмасуына және жалпы роталардың қызметтік міндеттерін сапалы орындауына оң ықпал етеді.

whatsapp image 2021 08 03 at 11.57.39 4
Танк әскери бөлімінің жеке құрамымен өткен рота-тактикалық жаттығулары барысында жауынгерлер «Майлин» полигонында заңсыз қарулы топтарды жою туралы шартты тапсырманы орындады. Жаттығуды орындаудағы жалпы мақсат мезгілсіз келетін қарулы басқыншылардың алдын алу және жеке құрамның бірлесе әрекет ету үйлесімділігі пысықталды, – деді танк бригадасының төртінші рота командирі капитан Ғалымжан Сапы.

whatsapp image 2021 08 03 at 11.57.39 2

whatsapp image 2021 08 03 at 11.57.39 1
Айта кетейік, жаттығулардың нәтижелері бойынша жеке құрамның дайындығы басшылық тарапынан «жақсы» деп бағаланды. Сондай-ақ, аталмыш шараға барлығы 50-ге жуық әскери қызметкер тартылып, 15-тен астам әскери және арнайы техника бірлігі жұмылдырылды.

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: