Зымыран артиллериялық қару-жарақ қызметінің жиыны өтті

whatsapp image 2021 07 27 at 14.07.33 1

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің зымыран артиллериялық қару-жарақ қызметінің әскери қызметкерлерімен Аягөз гарннизонында үш күндік жиын өтті.

Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған жиын Аягөз гарнизонындағы 15701 әскери бөлімінде өткізілді. Жиынды өткізудегі басты мақсат – зымыран артиллериялық қару-жарақ қызметі мен сақтау қоймалары бастықтарының қажетті көлемде инженерлік-техникалық әдістемелік және практикалық дағдыларын арттыру, сондай-ақ басшылық құжаттарды зерделеу болды.

whatsapp image 2021 07 27 at 14.07.33
Жиынға қатысушы әскери қызметшілер сабақ барысында теориялық білімдерін тереңдетіп, практика жүзінде әзірлеген оқу орындарында зымыран-артиллериялық қару-жарақты сақтау және оларға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, атыс қаруына оқтарды сақтау, оқ-дәрілерді техникалық байқаудан өткізу, оларды түпкілікті жарақталған түрге келтіру, кәдеге жарату және элементтерге бөлу мәселелерін пысықтады.
Сонымен қатар, қатысушылар назарына сақтау қоймасынан шыққан өртті сөндіру кезінде өрт сөндіру командасының шартты өртті сөндірудегі өзара іс-қимыл жасауы практика жүзінде ұсынылды.

whatsapp image 2021 07 27 at 14.07.33 1
– Үш күндік жиында білім алушыларға сақтау объектілерінде өртке және диверсияға қарсы қауіпсіздікті ұйымдастыру, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сақтауды, есепке алуды және беруді ұйымдастыру тәртібі, қару мен оқ-дәрілерді ұрлау, жоғалту, заңсыз сақтау және өткізу жөнінде сабақтар өткізіліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптары жеткізілді. Сондай-ақ, жеке құрамының қызметтік біліктіліктері мен психологиялық жай-күйі тест арқылы тексерілді, – деді жиын бастығы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының техникалық қамтамасыз ету басқармасының штаб бастығы полковник Думан Қыңырбеков.

Аталмыш шара соңында жиын бастығы жеке құрамның білімдерін бағалап, арнайы біліктілігін растайтын сертификаттар табыстады және сабақ барысында ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге мақтау қағаздарын беріп, алдағы қызметтеріне сәттілік тілеп жиынды қорытындылады.

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: