Ержан Максим «Балалар Еуровидениесінде» 2-ші орынды иеленді

Ержан Максим «Балалар Еуровидениесінде» 2-ші орынды иеленді

«Балалар Еуровидениесінде» өнер көрсеткен қазақстандық әнші Ержан Максим 2-ші орынды жеңіп алды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Junior Eurovision Song Contest байқауы тікелей эфирде жексенбі күні «Хабар» телеарнасында көрсетілді. «Голос. Дети» байқауында топ жарып, осы байқаудада әдемі дауысын, өнерін көрсете білген Ержан Максим байқауда 10-шы болып  Арманнан қалма әнімен өнер көрсетті.

Арманнан қалма әнінің сөзін Хамит Шангалиев, Данияр Алдаберген және Тимур Балымбетов жазды.

Қазақстанға 12 баллды Грузия, Беларусь, Уэльс, Украина, Польша, Нидерланды және Сербия берді. Ержан Максим әділқазылардың шешімімен, дауыс беруімен бірінші орынды иеленіп келе жатқан еді. Бірақ онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша Польша Қазақстанды басып озды. Осылайша  Ержан Максим «Балалар Еуровидениесінде» екінші орын ды иеленді. Бірінші орынды Польшадан шыққан әнші Виктория Габор Superhero әнімен жеңіп алды. Былтыр да дәл осы әнші байқауда жеңіске жеткен еді.