Жириновский миллиондаған орысты Ресейге қайтаруды ұсынды

Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский Орта Азия мен Украинадағы орыстарды РФ-ға тұрақты тұруға шақыруды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жириновский миллиондаған орысты Ресейге қайтаруды ұсынды

Жириновскийдің айтуынша, Орта Азиядан алты миллионға жуық орыс Ресейге көшуі мүмкін. Ал Украинадан 15 миллион адам тарихи отанына орала алады.

"Біз көбіне ел аралаймыз, Мәскеудегі кеңселерде отырмаймыз. Еліміз үлкен, орын көп… Орта Азиядан 5-6 миллион, Украинадан 15 миллион орысты шақырамыз. Тек оларға көмектесу керек", — деді Владимирге сапары кезінде саясаткер.

"Қазақстан, 300 жыл бұрын қайда болдыңдар?": Жириновский Павлодардағы көшелердің атауын өзгертуге қарсы шықты

Источник stan.kz