Қазақстанның жағдайы да мәз емес: Қырғызстанда COVID-19-дан болатын өлім-жітім бойынша ең нашар нұсқа күтілуде

Қырғызстанда COVID-19-дан болатын өлім жағдайы бойынша ең нашар жағдай болады деп күтілуде. Бұл туралы The Lancet беделді медициналық журналында жарияланған ғалымдар тобының зерттеуінде айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg-ге сілтеме жасап.

Қазақстанның жағдайы да мәз емес: Қырғызстанда COVID-19-дан болатын өлім-жітім бойынша ең нашар нұсқа күтілуде

Зерттеушілер тобы 2021 жылдың 1 маусымы мен 31 тамызы аралығында әлем мемлекеттерінде 100 мың адамға шаққанда коронавирустың өлім-жітімін модельдеді.

Зерттеу нәтижесінде, Қырғызстанда ең жоғары - 100 мың адамға шаққанда 256-дан 512 адамға дейін өлім тіркелетіні анықталды.

Айта кетейік, төменде келтірілген картаға сәйкес, Қазақстанда COVID-19-дан болатын өлім-жітімінің әлемдегі ең жоғары деңгейінің бірі болжануда – 100 мың тұрғынға шаққанда 128-ден 256 адамға дейін.

Ресейде, Украинада, Өзбекстанда және посткеңестік кеңістіктегі басқа елдерде жағдай айтарлықтай жақсы.

Источник stan.kz

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888