«Олимпиадаға дейін мұндай салмақтарды көтермедім: Игорь Сон жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті

olimpiadaғa dejin mұndaj salmaқtardy kөtermedim igor son zharystan kejingi әserimen bөlisti 2997a44

Токиодағы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан қола медаль жеңіп алған қазақстандық зілтемірші Игорь Сон жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Олимпиадаға дейін мұндай салмақтарды көтермедім: Игорь Сон жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті

“Ойымды жинақтауға тура келді. Қалай уайымдағанымды сөзбен жеткізе алмаймын”, – деді зілтемірші.

Игорь Сон Олимпиада еңсерген салмақтарын бұған дейін көтермегенін айтты.

“Токиоға дейін осынша салмақ көтерген емеспін. Демек, бұл менің ірі жарыстарда көрсеткен ең жақсы нәтижем. Жаттығу залында қарсыластарды бақылап отырдық. Басты қарсыласым зілтемірді қисайтып алған кезде де уайымым кете қоймады. Бәрі болуы мүмкін ғой. Мен жұлқа көтеруден жақсымын, серпе көтеруде біраз қиындық бар. Ал төрешілер есептемей қойған екі мүмкіндікке келер болсақ, екеуінде де шынтағымның қозғаланы кері әсер етті. Барлығы таза болуы керек. 

Рахмет, Қазақстан! Маған қолдау көрсеткендердің бәріне алғыс айтамын. Алға, Қазақстан", – деді Сон.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: