Теміртауда төбелестің салдарынан 12 жасар бала қаза болды

Теміртауда төбелестің салдарынан 12 жасар бала қаза болды. Қазнетте төбелестің видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Теміртауда төбелестің салдарынан 12 жасар бала қаза болды

Ол төбелесіп жатқан құрдастарын ажыратпақ болғанда басынан соққы алып, оқиға болған жерде есінен танып қалған. 

"Вега ауданында төбелес салдарынан бала қайтыс болды. Ол төбелеспеген, тек ажыратқысы келген. Баланың жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз.

Құрметті ата-аналар, балаларыңызбен сөйлесіңіздер, әңгімелесіңіздер, түсіндіріңіздер, мейірімділікке баулыңыздар. Қатыгез әлемде қатыгездік жетіп артылады", — делінген видеожазба хабарламасында.

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Темиртау сегодня | Казахстан (@temirtau.today)

Полиция хабарына қарағанда, 24 шілдеде Старогород полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Теміртау қалалық балалар ауруханасында қаланың 12 жастағы тұрғыны қаза болғаны туралы хабарлама түскен. Полиция мәліметінше, жәбірленуші аулада 13 жастағы баламен жанжалдасқан. Төбелеске ұласқан жанжал кезінде оның басына соққы жасалған.

"Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы ("Абайсызда қазаға ұшырату") бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, соталды тергеу амалдары жүріп жатыр", — деді Қарағанды облысы Тергеу басқармасының бастығы Рустам Күлкеев.

Источник stan.kz