Игорь Сон Токио Олимпиадасында қола жүлде иеленді

igor son tokio olimpiadasynda қola zhүlde ielendi be369a5

Токио Олимпиадасында  ауыр атлетикадан 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен зілтемірші Игорь Сон қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Игорь Сон Токио Олимпиадасында қола жүлде иеленді

Қазақстандық спортшы қос сайыс нәтижесінде 294 (131+163) келіні бағындырды.

61 келіге дейінгі салмақтағы бәсекеде алтын жүлде қытайлық Фабинь Лиге (313 келі: 141+172) бұйырса, күміс Индонезия спортшысы Джули Ираван (302 келі: 137+165) қанжығасында кетті.

Қытайлық зілтемірші серпе көтеруде 172 салмақты еңсеріп Олимпиада рекордын орнатты.

Айта кетейік, Игорь Сон сынға түскен салмақта кіл мықтылар бақ сынасты: Джули Ираван (Индонезия), Абдурахим Алсалим (Сауд Арабиясы), Ким Туан Тач (Вьетнам), Шота Мишвелидзе (Грузия), Еичи Итоказу (Жапония), Фабинь Ли (Қытай), Чан-Хун Као (Тайбэй), Давиде Рую (Италия). Бәрі де жүлдеден үмітті болды.

Бұған дейін Қазақстан қоржынына дзюдошы Елдос Сметов қола жүлдені салған еді.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: