Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

nұr sұltanda demalys kүnderi қoғamdyқ kөlik zhүrmejdi 58fb994

Нұр-Сұлтан қаласында 24-25 шілде күндері қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

Сенбі және жексенбі қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады City Transportation Systems компаниясы.

Жолаушылар автобусқа бетпердесіз кіре алмайды.

Сондай-ақ жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көлік картасының көмегімен немесе QR-кодты сканерлеу арқылы.

Еске салсақ, елорданың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, сенбі және жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік тоқтатылады.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: