Ақмола облысында ауыл шаруашылығы техникасын сату және қызмет көрсету бойынша ТМД-дағы ең ірі сервистік орталық ашылды

aқmola oblysynda auyl sharuashylyғy tehnikasyn satu zhәne қyzmet kөrsetu bojynsha tmd daғy eң iri servistik ortalyқ ashyldy 93b0622

Бүгін Көкшетауда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ТМД-дағы ең ірі және солтүстік өңірдегі John Deer маркалы ауыл шаруашылығы техникасының толық желісіне қызмет көрсететін жалғыз сервистік орталығының ашылуы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы техникасын сату және қызмет көрсету бойынша ТМД-дағы ең ірі сервистік орталық ашылды

Сервистік орталығын Қазақстандағы John Deere ұлттық дилері – "Eurasia Group AG" швейцария компаниясының өкілі – "Евразия Групп Казахстан" ЖШС ашты.

John Deer комбайндары мен тракторлары сұранысқа ие бүкіл әлемдегі аграрийлердің өнімділігі жоғары және сенімді техника. Бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша John Deer маркалы ауыл шаруашылығы техникасы паркі 428 тракторды, 590 комбайнды және 370-ке жуық егіс кешенін құрайды.

Техниканың соңғы сөзі бойынша жабдықталған жаңа сервистік орталық ауыл шаруашылығы саласының қазіргі заманғы сұраныстары мен үрдістеріне жауап беретін болады: Қазақстан бойынша қосалқы бөлшектердің болуын және үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді, техниканы күрделі жөндеу және қалпына келтіру мүмкіндіктерін кеңейтіп, іске қосу мүмкіндігін кеңейтеді, фермерлер мен жас мамандарды ауыл шаруашылығындағы жаңа технологияларға оқытуға мүмкіндік береді.

Нысанның ашылу салтанатына Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тило Клиннер және ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице – министрі Айдарбек Сапаров қатысты.
Іс-шараның қонақтары мен қатысушыларын облыс әкімі Ермек Маржықпаев қарсы алды.

"Евразия Групп Казахстан" ЖШС жобасы, іске асырылған шетелдік инвестордың қатысуымен индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында ашылатын өңір үшін ең маңыздыларының бірі болып табылады. Сервис орталығының құрылысы үшін біздің облыс орталығы таңдалғаны бекер емес. Логистика тұрғысынан Көкшетау қаласы елдің солтүстік өңірінің ірі қалаларынан бірдей қашық орналасқан, сондай-ақ астанаға жақын орналасқан. Жаңа нысан аграрлық сектордың дамуына серпін береді", – деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Сервистік орталығының аумағында оқу сыныбы бар ауыл шаруашылығы техникасын күрделі жөндеу орталығы және агрегаттық шеберхана, ауыл шаруашылығындағы процестерді цифрландыру және автоматтандыру бойынша оқыту орталығы, нөлдік технологиялар, ирригация және көкөніс шаруашылығы, техникаға арналған жабық және ашық көрме алаңдары, машиналарды тест-драйв алаңы, техникаға арналған аумақ, бұрын қолданыста болған және ашық кеден қоймасы орналасқан.
Айта кетейік, жобаның жалпы құны 2,6 млрд.теңгені құрап, 130 жұмыс орны ашылды.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: