Қазақстандықтар қайтадан вакцинациялана ма: Алексей Цой жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды екінші рет вакцинациялау туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстандықтар қайтадан вакцинациялана ма: Алексей Цой жауап берді

Министрі әлі де болса қайта вакцинациялау мәселесі шешілмегені туралы айтты. Қажетті зерттеулер жүргізіліп болғаннан кейін, керек болатын болса, екінші рет вакцинациялау жүргізілетінін жеткізді. 

“Қазіргі таңда ДДСҰ қайта вакцинациялау бойынша нақты ұсыныстар жаряилаған жоқ. Өйткені әлі қайта вакцинациялау мен бірнеше вакцинаны салдыру туралы нақты зерттеулер жүргізілмеген. Сондықтан, бұл сұрақ әлем бойынша зерттеліп жатыр. Өндірушілердің тарапынан қайта вакцинациялау туралы ақпарат түскен жоқ. Мұндай ақпарат пайда бола салған кезде, біз міндетті түрде жариялайтын боламыз. Қажет болған жағдайда екінші рет вакцинациялауды енгізетін боламыз”, – дейді Цой. 

Источник stan.kz

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888