Керік, балпанақ, сусиыр: Қазақ тіліндегі көпшілік білмейтін жануарлар атаулары

Кейбір жануар атауларын халықаралық атауы бойынша қолданып жүрміз. Бірақ олардың қазақша аудармасы барын бірі білсе, бірі білмейді. Бұл жануарларды қалай атаймыз, біздің материалдан оқи аласыз. 

Керік, балпанақ, сусиыр: Қазақ тіліндегі көпшілік білмейтін жануарлар атаулары

Пингвин. Бұл сөздің қазақша аудармасы — балпанақ. Бұл қолданыс Байынқол Қалиевтің "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі" атты 2014 жарық көрген еңбегінде қолданылады. 

Жираф. Бұл сөздің қазақша аударомасы — керік. Бұл сөз қазіргі таңда белсенді қолданылып жүр деп айтуға болады.

Бегемот. Бұл сөзді қазақшалағанда "сусиыр" деп айтамыз. Бегемот та, сусиыр да жарыспалы түрде қолданылады. Бұл сөзді ғылымда латынша "Гиппопотам" деп те атайды.

Крокодил. Бұл сөздің қазақша атауы — қолтырауын. Қазір қолданыста белсенділікке ие бола бастады деуге болады.

Зебра. Ал бұл сөздің қазақша аудармасын ешкім қолдана бермейді. Бірақ "Қазақша-орысша сөздікте" зебраның аудармасы — "ала құлан" деп аударылған. 

Источник stan.kz