«Құқығы бұзылғаны үшін 10 миллион теңгеге дейін талап ете алады»: Карантинді бұзған қазақстандықтардың есімін жариялау заңға қайшы емес пе

yғy bұzylғany үshin 10 million teңgege dejin talap ete alady karantindi bұzғan қazaқstandyқtardyң esimin zharijalau zaңғa қaj 7fc8aa3

Бүгін 23 шілдеде Алматыда "Ashyq" жүйесі арқылы "қызыл статусы" анықталған 80 тұрғынға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды. Карантин талаптарына бағынбағандарға тек айыппұл салынып қоймай, олардың есімдері Жандарбек Бекшин басшылық ететін Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды. Шектеу шараларын бұзғандардың есімін БАҚ-та жариялау заңға қайшы емес пе? Бұл туралы Stan.kz тілшісі заңгерден сұрап білді. 

"Құқығы бұзылғаны үшін 10 миллион теңгеге дейін талап ете алады": Карантинді бұзған қазақстандықтардың есімін жариялау заңға қайшы емес пе

Департамент өкілдерінің сөздеріне сүйенсек, "қызыл статусы" анықталған 80 тұрғынға 14 күндік үй карантинін бұзғаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл салынған, оның ішінде 2 тұрғын екінші рет айыппұл арқалап отыр. 

"COVID-19 үшін ПТР тесті оң нәтижесін берген алматылықтар қоғамдық орындарға барып, "ASHYQ" бойынша жұмыс істейтін нысандарда-ХҚКО, мейрамхана, фитнес-орталықтар, әуежай және т.б. нысандардың қызметтерін пайдалануға тырысты. "Қызыл статусы" анықталған аталған тұрғындар "ASHYQ"жобасы бойынша жұмыс істейтін объектілерге жіберілмеді. Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзатын тұрғындар банктер, университеттер, сауда, мейрамханалар, білім беру ұйымдары, байланыс, зейнетақы қоры және басқа да нысандардың қызметкерлері болып табылады. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдарға жұқтырмас үшін адамдар көп жиналатын орындарға бармаулары тиіс", – делінген департамент хабарламасында.

Алайда заңгер Жангелді Сүлейменов мұның заңға қайшы екенін алға тартады. 

"Негізі елімізде жүзеге асырылып жатқан міндетті вакцинациялау немесе дезинфекциялау сынды шаралардың барлығы заңнамаға қайшы келеді. Міне, енді президенттің карантин шараларын қатаңдату деген сөздерінен кейін біздің шенеуніктер әдеттегідей "шаш ал десе, бас алып отыр". Былай қарасаң, қатаңдату деген сөздің өзі жағымсыз естіледі Карантин шараларын бұзғандардың есімін жариялау – ведомствоаралық комиссия басшысы, вице-премьер Ералы Тоғжановтың шығарған шешімі. Заң тұрғысынан алғанда тұрғындардың есімін жариялау керек деп ешбір құжатта айтылмаған. Ал егер заңда айтылмаса, президент те, үкімет басшысының орынбасары да мұндай талап енгізуге құқығы жоқ. Ол үшін парламентте заң қабылданып, президент құжатты бекітуі керек. Сол себепті де мұндай шешім заңсыз әрі негізсіз. Бұл бастама денсаулық сақтау министрлігінің коронавируспен күресудегі қауқарсыздығын көрсетеді", – дейді заңгер. 

Оның айтуынша, шектеу шараларына бағынбағандардың есімін жариялау – оларды жазалаудың бір түрі. Маман бұл үшін азамат сотқа жүгіне алатынын атап өтті. 

"Карантин шарасын бұзған адам есімі жарияланып кеткені үшін сотқа шағымдана алады. Бұл жағдайда мемлекеттік орган өкілдерінің өз әрекеттерінің заңды екенін дәлелдеуіне тура келеді. Аталмыш процесc әкімшілік-процессуалдық сотта қаралады. Бірақ менің ойымша, соттың азаматтың шағымын қарастыруы екіталай. Десек те егер тұрғын өзінің құқығы бұзылғанын дәлелдей алса, моральдық өтемақы талап ете алады. Өтемақы сомасы келтірілген моральдық шығынға қарай тағайындалады. Сотта жеңіп шыққан азамат 100 мыңнан 10 миллион теңгеге дейін қаражат сұрай алады. Бірақ сот келтірілген залалға 5 мың теңге тағайындау туралы шешім шығаруы ғажап емес", – дейді заң маманы. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: