Алматыда ер адам тергеуден кейін өзіне қол салған – сот қандай үкім шығарды

almatyda er adam tergeuden kejin өzine қol salғan sot қandaj үkim shyғardy 67c1a16

Қаржылық мониторинг агенттігінің тергеушісін қылмыстық абайсыздық танытқан деген үкіммен кінәлі деп тапты. Заң қызметкері тергеу жұмыстарын аяқтаған соң, ер адам терезеден секіріп кеткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыда ер адам тергеуден кейін өзіне қол салған – сот қандай үкім шығарды

Алматыда өткен сот тергеушіні қылмыстық абайсызық тудырғаны кінәлі деп танып, үкім шығарды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Іс қаланың Алмалы ауданының аудандық сотында қаралған. Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Бек Исаев қылмыскерлерге арналған темірторда отырды. 

Тергеуші Қылмыстық кодекстің 371-бабының екінші бөлігі бойынша кінәлі деп танылды (ауыр салдарға әкеп соқтырған абайсыздық). 9 шілдеде шығарылған үкім бойынша ол екі жылға бас бостандығынан айырылды. 

Тергеушіге күдіктінің қауіпсіздігін сақтамады деген айып тағылған. Антикордың хабарлауынша, күдіктінің психикалық ауруының өршуі туындап, өз-өзіне қол салған. 

Бұған дейін қазақстандық БАҚ 44 жастағы Ерлан Қоныспаевтың өткен жылдың қыркүйегінде қайтыс болғаны туралы хабарлаған. Қоныспаевты мемлекет ғылымға бөлген ақшаны жымқыруға байланысты жауап алуға шақырған. Жауап алғаннан кейін тергеуші Қоныспаевты тұтқындап, уақытша ұстау изоляторына орналастыру туралы шешім қабылдайды. Хаттама толтырылып, жеке тінту жасалғаннан кейін Қоныспаев қолайлы сәтті пайдаланып, өзіне-өзі қол жұмсады деп хабарлады АФМ. Марқұмның туыстары суицид нұсқасына сенбейтінін айтқан.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: