101 жасқа жеткен дәрігер ұзақ өмір сүруінің құпиясын айтты

Майамилық педиатр Энди Маргилет өзінің жұмысы мен пациенттеріне деген махаббатының арқасында осыншама жасқа келгенін айтады. Айтуынша, дәрігер болуды қатты армандаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

101 жасқа жеткен дәрігер ұзақ өмір сүруінің құпиясын айтты

Дәрігер жүз жасқа келсе де, зейнетке шығу жоспарында жоқ, дейді.

“Мен ешқашан жұмыстан шығу жайлы ойланған емеспін. Жұмыста өзімді жақсы сезінемін. Бұл жұмыс емес, қуаныш. Адамдарға көмектесуден жақсы не болуы мүмкін өмірде?”, – дейді ол өз сөзінде.

101 жастағы дәрігер егде жасына қарамастан, жас пациенттеріне көмек беріп жүр. Ол өзінің ұзақ жыл жасауының құпиясын айтты. 

Энди Маргилет денсаулығын қалыпта ұстау үшін аптасына бірнеше рет жүзумен айналысады және гантельдерді көтеріп жаттығады.

Бұрын дәрігер полиомиели ауруына қарсы вакцина жасауға қатысқан.

Адам ерте қартаяды: Мамандар коронавирустың тағы бір қауіпті әсерін айтты 

"Біз балаға бір доза ғана бердік, бұл кішкентай баланың дертін жазуына көмектесті. Бақыт деп осыны айт", — деп ол алғашқы емделушілердің бірі жайлы естеліктерімен бөлісті.

Бұған дейін Гиннес кітабының рекордсмені, Пуэрто-Рико азаматы 112 жастағы Эмилио Флорес Маркес сезім оған осы жасқа дейін өмір сүруге сеп болғанын айтқан.

"Менің әкем маған махаббатта өсіпді және айналамдағы барлық адамдарды сүюге үйретті. Ол маған және бауырларыма жақсылық жасау және бөлісудің маңыздылығын айтты", — дейді Эмилио Флорес Маркес.

Ол сондай-ақ отбасында үлкені болғанын, сондықтан балалық шағынан бастап фермада ересектермен қатар жұмыс істегенін айтты.

Источник stan.kz