Алматы облысының судьясы 9 жылға сотталды

almaty oblysynyң sudjasy 9 zhylғa sottaldy bd5bc89

Алматы облысында Ұйғыр аудандық сотының судьясы Сүлейменовке қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды. Ол 9 жылға бас бостандығынан айырылып сондай-ақ мемлекеттік қызметтік лауазымға орналасу құқығынан өмір бойына айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы облысының судьясы 9 жылға сотталды

"Сүлейменовке оның шығарған үкімін қолдау үшін облыстық судьяларға беруді сылтауратып, орман шаруашылығы директоры Юлдашовтан 12 миллион теңге көлемінде ақшаны алдау жолымен алды деген айып тағылған. Алайда, облыстық сот Юлдашовты соттап жіберген. 2021 жылы 22 шілдеде Талдықорған қалалық соты Сүлейменовті 9 жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойына мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істемеуге үкім шығарды" ,- деп хабарлады Бигайдаров өткен брифингте.

Сол үкімі бойынша Юлдашов пара бергені үшін және Имиров пара алуға қатысқаны үшін 8 және 7 жылға бас бостандықтарынан айырылған.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, Ұйғыр аудандық сотының судьясына қатысты тергеу 2020 жылдың қыркүйегінде басталған болатын. Антикорда хабарлағандай, заң қызметкері ақша төлегендердің пайдасына үкім шығарған.  

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: