Маска коронавирустың «Дельта» штаммынан қорғай ма: Маман айтып берді

Қауіпті инфекциялар бойынша маман, иммунолог Владислав Жемчугов “Маска коронавирустың дельта штаммынан қорғай ма?” деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik радиосына сілтеме жасап.  

Маска коронавирустың "Дельта" штаммынан қорғай ма: Маман айтып берді

Ерекше қауіпті инфекциялар бойынша маман, иммунолог Владислав Жемчугов коронавирустың жаңа штаммына байланысты қорғанысты күшейту қажет емес екенін айтты. 

"Коронавирустың жаңа штамдарының таралуы ағзаның жасушасына енуіне байланысты. Кез келген штамның ағзаға түсуін тежеу үшін маска таққан абзал, өйткені ол вирустың ағзаға түсуіне ықпал ететін бөліктерді жауып тұрады. Вирус сілекейде, шырышты қабаттарда, ауадағы шаң бөлшектерінде болуы мүмкін. Маска вирусты өткізбейді, сондықтан маска тағу өте маңызды", — деп түсіндірді маман. 

Дәрігердің екі маска немесе респираторлық маска тағудың қажет емес екенін айтты. Өйткені қарапайым медициналық маска да инфекциядан жақсы қорғайды.

"Маскалар 100% қорғамайды, бірақ инфекциялық дозаны азайтады. Мысалы ауада мың вирус бөлшегі болса, маска оның бес жүзін өткізбейді. Ал адам вирус жұқтыру үшін вирустың белгілі бір мөлшері ағзаға енуі керек", — деді Владислав Жемчугов.

Источник stan.kz