Мүгедек болып қалған: Қарағанды тұрғыны мас азаматқа көмектемесімін деп соққыға жығылды

mүgedek bolyp қalғan Қaraғandy tұrғyny mas azamatқa kөmektemesimin dep soққyғa zhyғyldy 53b567f

Мас күйде болған Қарағанды тұрғыны өзіне банкоматтан ақша алуға көмектескісі келген бейтаныс азаматты соққының астына алған. Жәбірленушінің жақ сүйегі мен мұрны сұнып, миы шайқалып сонымен бірге тісінен айырылған. Қол жұмсаған азамат бір жылға шартты жаза алды. Алайда жәбірленушінің туыстары бұл шешімді тым жұмсақ дейді деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мүгедек болып қалған: Қарағанды тұрғыны мас азаматқа көмектемесімін деп соққыға жығылды

Оқиға өткен жылдың мамыр айында адамдар көп шоғырланған жерде болған. Болған оқиғаны толықтай бейнебақылау камерасы жазып алғанымен, тергеу бір жылға созылған.

Жазбадан ер адамның ұзақ уақыт бойы бір банкомат пен екінші банкоматтың арасында теңселіп жүргенін көруге болады. 39 жастағы қала тұрғыны оған келіп, аппараттың қалай жұмыс істейтінін түсіндіруге тырысқанымен жауап ретінде қарсы соққы алған. Ол қақтығысты жалғастырғысы келмей кетіп қалады, бірақ дөрекі азамат оны қуып жетіп, артқы жағынан тағы соққы жұмсайды. Жәбірленушінің жақ сүйегі мен мұрны сынған, тісі түсіп, миы шайқалған.

"Ол менің ұлымды қатігездікпен соққыға жыққан. Балам айтарлықтай ауыр жарақаттар алды. Оның емделіп жатқанына міне бір жыл екі ай толды. Оның беті сал болып, жүйкелері зақымданған. Мидың шайқалуы мен қатты есеңгіреуден кейін басында кисталар өсе бастады. Бір сөзбен айтқанда жағдайымыз өте ауыр күйде. Бастың ауруы қоймайды, түнімен ұйықтай алмай шығады. Мұның соңы қандай болатынын білмеймін, дәрігерлер ешқандай болжам жасамайды. Невропатологтың айтуынша, жағдайы күн өткен сайын ауырлай беруі мүмкін" ,-деп түсіндірді өзінің жапа шеккен ұлының жағдайын Ольга Осинцева. 

Анасының айтуы бойынша, алдымен ол өзі бір мәмілеге келуді ұсынған, бірақ ұрып-соққан 28 жастағы Тимур Мифтахов бас тартқан. Жәбірленушінің туыстары жаза тартқанын талап еткенімен іс бірнеше рет жабылған. Кейіннен іс "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа әйтеуір жіберілген. Бірақ онда іс бойынша тыңдау өткізілгенге дейін "денеге орташа ауырлықтағы зиян келтіру" деп жаза түрін жұмсартып жібереді. Нәтижесінде Мифтаховқа бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылып сонымен бірге жәбірленушіге миллион теңге көлемінде моральдық төлем өтеп беруге шешім шығарады. 

"Осындай үлкен қылмысқа бір жылдық шартты жаза! Мұндай оқиғаға кез-келген адамның түсуі мүмкін екені қынжылтады. Дүкенде немесе өзіңізбен өзіңіз жайбарақат банкоматтан ақша алып тұрған кезіңізде бір дөрекі мас адам келіп, сізді жұдырықпен бір қояды. Ал сіздің қолыңыздан ештеңе келмейді" ,-деген Осинцева соттың шешімін осылай түсіндірді. 

Қазыбек би аудандық соты шығарылған үкімге түсінік берді.

"Айыптаудан "бұзақылық себептерден" квалификациялық белгісі алынып тасталды, өйткені жәбірленушінің тарапынан арандатушылық әрекеті болған. Сотталушы қаражат алып жатқан кезде жәбірленуші жақын маңда болған және өзі сотталушыны қақтығысқа итермелеген. Бұған дейін сотталушы бұзақылық істері бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысына сүйене отырып, "бұзақылық" әрекетімен квалификациялау кезінде принциптік маңызы бар қоғамдық тәртіпті бұзбаған" , – деп түсіндірді судья Шынар Ргебек. 

Судьяның айтуы бойынша, бұзақы дегеніміз – қатігездікті, ерекше цинизмді көрсететін, қоғамдық тәртіпті бұзатын, адамгершілік нормаларына құрметсіздік танытатын, қоғамға қарсы тұратын, адамдарға өздігімен тиісетін азамат. Мұндай мәселеде Мифтаховтың қоғамдық жерде болуы ғана бұл қатарға жатқызуға жеткіліксіз. 

Жәбірленушінің отбасы апелляциялық шағым түсіруге бекініп отыр. Ирина Осинцеваның айтуынша, сотталушы өз ісіне өкінбеген, кешірім сұрамаған тіпті баласы әлі күнге дейін қабылдап жатқан емі үшін бір тиын да төлемеген. Қазір ол екінші топтағы мүгедек. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: