«Миы шайқалып, электрошок алған»: Павлодардағы кәсіпорындардың бірінде жұмысшыны тоқ соқты

miy shajқalyp elektroshok alғan pavlodardaғy kәsiporyndardyң birinde zhұmysshyny toқ soқty dc319c7

Павлодарда кәсіпорындардың бірінде жұмысшыны тоқ соқты. Ер адамды күйік шалған және жарақат алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Миы шайқалып, электрошок алған": Павлодардағы кәсіпорындардың бірінде жұмысшыны тоқ соқты

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жазатайым оқиға қалалық ЖШС-нің бірінде орын алған. 32 жастағы дәнекерлеуші кәсіпорын аумағында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде зардап шеккен. Ер адам ауруханаға жеткізілген.

Денсаулық сақтау басқармасында жұмысшы жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

“Жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы және электрошок диагнозы қойылды. Жағдайы тұрақты. ПТР-тест нәтижесінен кейін бейінді бөлімшеге ауыстырады”, – деді басқармада.

 

"TikTok-қа видео түсірмек болған": Шымкентте тоққа түскен қыз жайлы куәгерлер айтып берді

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: