Қытай коронавирустың шығу тегі туралы жаңа тергеуге қарсылық білдірді

ytaj koronavirustyң shyғu tegi turaly zhaңa tergeuge қarsylyқ bildirdi 2d87088

Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен COVID-19 тергеуінің екінші кезеңінде ынтымақтастықтан бас тартты деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Қытай коронавирустың шығу тегі туралы жаңа тергеуге қарсылық білдірді

Аспан асты елінің тарапы вирустың өздерінен шықты деген нұсқасымен келіспейді. Пекин ресми түрде ДДCҰ басшысы Тедрос Адханом Гебресиес Батыстың саяси ықпалына АҚШ-тың ұсынысы бойынша түсті деп санайды. Әзірге ұйым вирустың пайда болу себептерін анықтап жатқанда, әлемдік қауымдастық коронавируспен күресті жалғастыруда.

Қытай коронавирустың шығу тегі туралы жаңа тергеуге қарсы. Бұл туралы Ұлттық денсаулық сақтау комитеті басшысының орынбасары Цзэн Исин мәлімдеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қытай зертханасында вирустың шығуы мүмкін деген нұсқасына, комитет "саяси позиция және ғылымға деген менмендік" деп баға берді.

Цзэн Инсин, Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комитеті басшысының орынбасары: 
– Кейбір жағдайларда ДДCҰ коронавирустың шығу тегі туралы тергеудің келесі кезеңіне арналған жоспары ақыл-ойға сыймайды және ғылымға қайшы келеді. Біз мұндай жоспарды қабылдай алмаймыз.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың мамыр айында АҚШ президенті Джо Байден американдық арнайы қызметкерлерге COVID-19 вирусының пайда болу себептерін анықтауды тапсырған болатын. Бастаманы ДДCҰ басшысы да қолдаған. Өз кезегінде Қытай тарапы американдық барлау офицерлерінің бұл мәселеге қатысуын "күлкілі" деп атады. Қытай ДДCҰ қытай ғалымдарының ұсыныстарын терең зерттеп және саясаттың әсерінсіз вирусты ғылыми проблема ретінде қарастыра алады деп үміттенеді.

“Ухань зертханасындағы вирустың пайда болуына қатысты біздің бірлескен сарапшыларымыз егжей-тегжейлі зерттеу мен бірлескен тергеу жүргізіп, бұл мүмкін емес деген қорытындыға келді”, – дейді Лян Ваньнянь, ДДСҰ Қытай сарапшылар тобының жетекшісі.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: