Ауыл әкімдерін сайлау: Тоқаев халықты белсенді болуға шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ауыл әкімдерін сайлауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ауыл әкімдерін сайлау: Тоқаев халықты белсенді болуға шақырды

Президент ауыл әкімдерін сайлау халық үшін қаншалықты маңызды екенін айтты. 

“25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Сайлаушыларды белсенді дауыс беруге шақырамын. Халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерістерді жүзеге асыру керек”, – дейді Тоқаев. 

Еске салсақ, 25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді

Источник stan.kz