Оралда жалған ПТР тест сатқан 19 жастағы жігіттер ұсталды

Оралда жалған ПТР анықтамасын сатқан жас жігіттер ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оралда жалған ПТР тест сатқан 19 жастағы жігіттер ұсталды

Коронавирусты тексеретін тестің теріс қорытындысын сатқандардың айылы жиылмай тұр. Оралда жалған ПТР анықтамасын табыс көзіне айналдырып, әр адамнан 5 мың теңгеден алып отырған жігіттер ұсталды.

Өтірік құжат жасап пайда тауып келген 19 жасар жігіттер екен. Олар қаладағы сақтандыру компанияларының бірінің қызметкерлері болып шықты. Олар жалған анықтама дайындауға кәдімгі ПТР-тест қорытындысын пайдаланған. Алдымен оны сканерлеп алыпты. Кейін қағаздағы мәліметті өзгертіп отырған. Тіпті Ресейдегі медициналық мекеменің біріне шақырту қағазын да қолдан жасапты. Бұл құжат клиенттердің біріне шекараны кедергісіз кесіп өту үшін қажет болған.

  • Алматы әуежайының қызметкерлері жалған ПТР сынақтарын өткізгені үшін ұсталды-видео
  • Ақтөбеде жалған ПТР анықтамасын жасаған ерлі-зайыпты ұсталды

Полиция оларды тінтіген кезде төрт ұялы телефон, ноутбук, құжаттар мен 80 мың теңге тәркілеген. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Енді қолдан құжат жасағандар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оларға тапсырыс бергендер де жазасыз қалмайды.

Источник stan.kz