Қостанайлық дәрігерлер коронавирус жұқтырған жүкті әйел мен сәбиді өлімнен құтқарып қалды

ostanajlyқ dәrigerler koronavirus zhұқtyrғan zhүkti әjel men sәbidi өlimnen құtқaryp қaldy 5a8ac8c

Бір айдан астам уақыт бойы жұқпалы аурулар бөлімшесінің дәрігерлері жүктілік кезінде ауыр халде ауруханаға түскен Қостанай тұрғыны Жанна Ысқақованың өмірі үшін күресті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Қостанайлық дәрігерлер коронавирус жұқтырған жүкті әйел мен сәбиді өлімнен құтқарып қалды

Жанна Искакова кеше ғана ауруханадан шығып, айлық сәбиін алғаш рет көріп, қолына алды.

Қыз бала жұқпалы аурулар бөлімінің перзентханасында дүниеге келді. Жаннаның өзі 3 маусымнан 20 шілдеге дейін инфекциялық бөлімде болды. Ж үктіліктің 33-аптасында өкпесінің 85%-ы зақымданған.

"Осы уақыт ішінде мен реанимацияда жатып, өлім мен өмір мен өлімнің арасында болдым. Шын мәнінде, өте қорқынышты. Мұндайды ешкімнің басына бермесін. Мында көптеген адамдар емделіп жатыр. Әркімнің басынан өткен өз оқиғасы, қайғысы бар. Мен адамдарды екпе салуға шақырамын. Басыма түспейді деп ойламаңыз, одан ешкім сақтандырылмаған. Екпе алып, денсаулықтарыңызды күтіңіздер", – дейді келіншек. 

Туған қызына келер болсақ, ол қазір туыстарының қарауында. Осы уақыт ішінде Жанна жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, қызын тек бейне байланыс арқылы көріп отырды.

"Сәби бүкіл бөлімшенің жіті назарында болды. Жылағанын естиміз, қалай жуындырғанын, тамақтандырғанын, киіндіргенін көреміз", – дейді бөлімше меңгерушісі Карина Юсупова.

Жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісінің айтуынша, Жаннаның өмірі үшін тек инфекционистер мен реаниматологтар ғана емес, үш баланың анасын құтқаруға гинекологтар, пульмонологтар, урологтар, кардиологтар, терапевттер қатысты. Нәресте неонатологтардың мұқият бақылауында болды. 

 

 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: