Павлодарда бес баланың әкесі адамды қатігездікпен өлтіргені үшін сотталды

Көп балалы ер адам осыдан бес жыл бұрын жасаған қылмысы үшін 16 жылға сотталған. Ақсу қаласының 39 жастағы тұрғыны екі жылдан астам уақыт тәртіп сақшыларынан жасырынып, халықаралық іздеуде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Павлодарда бес баланың әкесі адамды қатігездікпен өлтіргені үшін сотталды

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен ер адамға қатысты үкім шығарды.

Сотта белгілі болғандай, 2018 жылдың маусым айында сағат 03.25 шамасында Ақсу қаласындағы кафелердің бірінде айыпталушы мен оның танысы жергілікті тұрғынды ұрып тастаған. Артынша олар ер адамды зират аумағына апарып, өлтіріп тастады деген айып тағылды.

"Сот айыпталушының жәбірленушіні аяғымен теуіп, соққының астына алғаны, таяқпен денсіне жүзден астам соққы жасағанын анықтады. Нәтижесінде жәбірленуші сол жерде қайтыс болды", — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот ер адамның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сот-медициналық қорытындыларымен, құжаттық және заттай дәлелдемелермен дәлелденді деп атап өтті.

Прокурор сотталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, онымен жәбірленуші тарап келіскен. Алайда сотталушы тек ер адамды тонағанын мойындады. 

"Алқабилердің үкімімен ер адам алдын-ала келісім бойынша бір топ адамдар тарапынан ерекше қатыгездікпен жасалған дәрменсіз адамды ұрлап өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Ол 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Соттың алқабилер белгілеген жаза мерзімін өзгертуге құқығы жоқ", — деп мәлімдеді судья Нұрлан Айтбаев.

Сотталған жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейтін болады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник stan.kz