Депуттатар: Вакцинаны сақтау режимін бұзғандарға тергеу жүргізу керек

deputtatar vakcinany saқtau rezhimin bұzғandarғa tergeu zhүrgizu kerek 786a79a

Қазақстан Халық партиясының депутаттары өңірлерде коронавирусқа қарсы вакцинаның дұрыс сақталмауына байланысты жағдайды тергеуді талап етті,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Депуттатар: Вакцинаны сақтау режимін бұзғандарға тергеу жүргізу керек

Хабарламаға сүйенсек, ҚХП денсаулық сақтау министрлігі мен бас прокуратурадан вакцинаны дұрыс сақтамау дерегін тексеруді, кінәлілер келтірілген залалдың орнын толтыруын және тиімсіз вакцина егілген науқастарға көмек көрсетуді талап етті.

Мәжіліс депутаттары ҚХП атынан арнайы бейнеүндеу жолдады.

"Президенттің өңірлерде вакцина дұрыс сақталмағаны туралы айтқаны бізді қатты алаңдатады. Денсаулық сақтау министрлігінен бұл қайда және қалай болғанын, кімнің кінәсінен және вакцинаны алған адамдарға не істеу керегін нақты түсіндіруді сұраймыз. Вакцинаның тиімділігі дұрыс емес тасымалдауға байланысты төмендейді. Яғни, олар әлі де вирус жұқтыруы мүмкін", – деді ҚХП депутаттары.

Қазақстан Халық партиясы өкілдерінің айтуынша, бас прокуратура бұл мәселемен айналысуы керек: кінәлілерді тауып, осындай жағдайдың қайталануына жол бермеуі керек. Вакцинаны сақтау режимін бұзған жауапты мамандар оған жұмсалған шығындарды өтеуі тиіс.

  • Тоқаев қазақстандықтарды "Спутник лайт" вакцинасымен қамтамасыз етуді тапсырды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев мәжбүрлі вакцинация туралы: Біз мұндай қадамға бармаймыз

"Адамдарда кепілдік болуы керек. Денсаулық – бұл бізде бар ең құнды нәрсе. Мемлекет халықты коронавирустан қорғауы керек", – деді ҚХП депутаты.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның кей өңірлерінде вакцинаны сақтаудың температуралық режимін бұзу деректері анықталғанын және бұл препараттың тиімділігін төмендеткенін айтқан болатын.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: