Дубай әуежайында екі ұшақ соқтығысты

dubaj әuezhajynda eki ұshaқ soқtyғysty 0e7d762

Дубайдан Бішкекке бет алған Flydubai ұшағы бейсенбі күні таңертең Бахрейннің Gulf Air авиакомпаниясының ұшағымен ұшу-қону жолағында соқтығысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Дубай әуежайында екі ұшақ соқтығысты

Апат кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Жолаушылар басқа рейспен ұшуға мәжбүр болды.

"Flydubai-дың Дубай халықаралық әуежайынан Бішкек халықаралық әуежайына бағытталған Boeing 737-800 ұшағы мен ұшу-қону жолағындағы басқа ұшақтың қатысуымен апат болды. Ұшақтар автотұрақ кіргізілді. Жолаушылар зардап шеккен жоқ. Олар басқа рейспен ұшуға мәжбүр болды. Алдағы уақытта оқиғаны тиісті органдар тексеретін болады", – деді тасымалдаушы компанияның ресми өкілі.

Өз кезегінде Бахрейн Корольдігінің ұлттық тасымалдаушысы Gulf Air "Дубай халықаралық әуежайында басқа ұшақ корольдік ұшағына соқтығысу нәтижесінде ұшақ әуеге көтерілмегенін хабарлады. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: