Қарағандыда жасөспірімді аялдамада пышақтап кеткен: Кінәлі қамауға алынбады

araғandyda zhasөspirimdi ajaldamada pyshaқtap ketken kinәli қamauғa alynbady 17f6f63

Қарағандыда 23 және 36 жастағы мас ер адамдар аялдамада тұрған 16 жастағы жасөспірімге пышақ жарақатын салды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Вечерняя Караганда" телеграм каналына сілтеме жасап.

Қарағандыда жасөспірімді аялдамада пышақтап кеткен: Кінәлі қамауға алынбады

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жасөспірім олардан боқтамауын және өздерін дұрыс ұстауын өтінген. Алайда жауап ретінде 23 және 36 жастағы екі ер адам жасөспірімді соққыға жыққан. 

Бірақ зардап шеккен Темірланның анасы Telegram-арна әкімшілерімен байланысқа шығып, ұлы төбелес кезінде үш жерден пышақ жарақатын алғанын айтқан. Біреуі басына, біреуі кеудесіне және тағы біреуі қолына тиген. Қолындағы жараны тігуге тура келіпті. 

"Құдайға шүкір ер адамдардың біреуі аяғын әзер басып тұрған. Соның арқасында балам аман қалды. Әйтпесе не болар кім біледі", – дейді Темірланның анасы Айсұлу Матаева.

Әйел оның ұлы аялдамада тұрған кезде екі жігіттің келгенін айтқан. Олар әдепсіз мінез-құлық танытқаннан кейін 16 жасар Темірлан өздеріне лайықты әрекет етуді өтінген. 

Ер адамдар жасөспірімді өз аттарымен, осы жердегі белді адамдар екенін айтып қорқытқан. Бірақ жас жігіт оларды танымайтынын айтқан. Содан кейін төбелес басталып кеткен. Куәгерлердің ешқайсысы жанжалға араласуға тырыспапты.

Жасөспірімнің анасы кінәлі адамның бостандықта шыққанын айтады. 

Ал Қарағанды облысының полиция департаменті "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: