Аргентинада тұрғындар әйел немесе еркек деген жынысы көрсетілмеген жеке куәлік ала алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РБК-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы ел президенті Альберто Фернандес мәлімдеді.
“Біз құжат алу кезінде ешкімнен оның еркек немесе әйел екенін сұрамайтындай деңгейге жетуге қадам жасадық. Мемлекет өз азаматтарының жыныстық бағдарына немесе олар қандай жынысқа өзін жатқызатыны туралы шаруасы болмауы керек. Мемлекетті мазалауы тиіс сұрақтар: балалар білім алып жатыр ма, вакцинацина ала ма, салық төлеп жатыр ма, қылмыс жасай ма осындай, — дейді Фернандес.
- Арман Шораев: Ақордада да, парламентте де ЛГБТ өкілдері бар, есімдеріне дейін білемін
- Ғалымдар тарихта алғаш рет үш жынысты организмді ашты
Айтуынша, өздерін еркек немесе әйелден бөлек етіп танитындар болады және оларды құрметтеу керек.
“Олар әрқашан болған, тек бұрын бұл жасырылған. Осы мәселелерді көтермесек, біз миллиондаған адамдарды бақыттан айырамыз, оларды бақытты болу мүмкіндігінен айырамыз, — деп атап өтті президент.
Енді жеке куәліктегі жыныс бағанында Аргентина тұрғындары "F" (әйел жынысы) немесе "M" (еркек жынысы) әріптерінің орнына "Х" нұсқасын таңдай алады.
"Жыныс" бағанындағы "X" белгісі мынадай мәндерге ие болады: бинарлық емес, анықталмаған, <…>. Мұны өзін ер адам да, әйел ретінде де сезінбейтіндер анықтай алады.